МЕНЮ

Күндізгі стационар

Абай облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты Ядролық медицина және онкология орталығының (ЯМжОО) төсектік орын қорын ұтымды пайдалану мақсатында, 2014 жылдың қаңтар айынан бастап 40 төсектік орынға арналған күндізгі стационар бөлімшесі ашылды. Оның құрамына хирургиялық, радиологиялық және химиотерапиялық бейіндегі төсектер кірді.

Бөлімшенің алғашқы меңгерушісі болып жоғары біліктілік санатындағы хирург Евгений Викторович Иванченко тағайындалды.

2014 жылғы 1 мамырдан бастап бөлімшені жоғары біліктілік санатындағы радиациялық онколог дәрігер Карнакова Наталья Юрьевна басқарады.

Бөлімшеде онкопатологияны емдеу мен алдын алудың барлық заманауи әдістері енгізілген. Әкімшілік, диагностикалық және стационарлық бөлімшелермен сабақтастық сақталған. Бөлімшенің жұмысы екі ауысымда жүргізіледі.

Пациенттер үшін арнайы ем алуға қолайлы жағдайлар жасалған.

Әр пациентке арналған емді мультидисциплинарлық топтың ұсынысы бойынша жеке және дербес тәсілмен жүргізу қағидасы сақталады, ҚР емдеу хаттамалары, сондай-ақ NCCN, ASTRO, ESTRO, АЭХА ұсынымдары қолданылады.

Бөлімше дәрігерлерінің барлығы - жоғары және бірінші біліктілік санатындағы мамандар. Орта медицина қызметкерлерінің 100%-ы жоғары академиялық бакалавриатқа ие. Кәсіби құзыреттілік пен коммуникативтік дағдылар бөлімшенің жағымды микроклиматын қамтамасыз етеді.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3

E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық