МЕНЮ

Сараптамалық эндоскопиялық орталығы

2023–2027 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі Кешенді жоспардың міндеттері мен басымдықтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 қазандағы №874 қаулысымен бекітілген құжат негізінде, 2025 жылғы 9 сәуірде «Ядролық медицина және онкология орталығының» базасында Эндоскопиялық сараптамалық орталық ашылды (№255-ОД бұйрық).

Эндоскопиялық сараптамалық орталық - бұл қатерлі және обырға дейінгі ауруларды анықтау мен емдеу мақсатында диагностикалық және емдік зерттеулерді жүргізуге арналған, өңірлік немесе қалалық онкологиялық ауруханалар базасында ұйымдастырылған мамандандырылған бөлімше. Орталық заманауи эндоскопиялық құрылғылармен жабдықталған және жоғары білікті мамандармен жасақталған.

Орталық келесі мақсаттар үшін құрылды:

- Обырға дейінгі және ісік ауруларын ерте кезеңде анықтау және диагностикалау.

- Обырға дейінгі және ісік ауруларында эндоскопиялық зерттеулер мен операцияларды жүргізу, мысалы: полипэктомия (эндоскопиялық мукорезекция – EMR), шырыш асты қабатында эндоскопиялық диссекция (ESD), аргоноплазмалық коагуляция, қуысты ағзаларға стент орнату, қуысты ағзаларды баллондық кеңейту, литотрипсия немесе өт жолдарын стенттеу арқылы артқа қарай холангиопанкреатография, асқорыту және тыныс алу жүйесі мүшелерінің эндосонографиясы, Эндо-УДЗ бақылауымен пункция, криобиопсия және басқа да манипуляциялар.

Орталықтың міндеттері:

- Диагностикалық, емдік және скринингтік эндоскопиялық процедураларды жүргізу.
- Онкологиялық пациенттердің жедел бағытталуын қамтамасыз ету.
- Қатерлі ісіктерді ерте анықтау және алдын алу бағдарламаларын қолдау.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3

E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық