Профессор Д. Р. Мусинов атындағы клиникалық онкология, радиология және ядролық медицина кафедрасы оқу, ғылыми және клиникалық қызметті жүзеге асырып, бай тарих пен заманауи тәжірибені біріктіреді. Онкология кафедрасының тарихы 1975 жылдан басталады. Сол жылы Семей облыстық онкологиялық диспансері базасында Семей медициналық институтының онкология курсы ұйымдастырылған. Курстың алғашқы меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Виталий П.Р. болды.1983 жылы онкология кафедрасы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі – м.ғ.д., профессор А.Т. Бутенко. 1985–1993 жылдары кафедраны м.ғ.д., профессор Черенков В.Г. басқарды. 1994–1999 жылдары кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Мұқанов А.Ж. болды. 1999–2006 жылдары кафедраға м.ғ.д., профессор Мусинов Д. Р. жетекшілік етті. 2006–2008 жылдары кафедраны м.ғ.к. Жақыпова Р.Ц., 2008–2013 жылдары м.ғ.д., профессор Манамбаева З.А. басқарды. 2013–2021 жылдары кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Адылханов Т.А., 2021–2024 жылдары PhD докторы, қауымдастырылған профессор Пак Л.А. болды. 2024 жылдан бүгінгі күнге дейін кафедраны PhD докторы, қауымдастырылған профессор Апсаликов Б.А. басқарады.
Онкологтар мен радиологтарды сапалы даярлау мақсатында кафедра Абай облысы ДСБ «Ядролық медицина және онкология орталығы» клиникалық базасына сүйенеді. Оқу үдерісі қатерлі ісік ауруларын ерте диагностикалау, скринингтік зерттеулер жүргізу, ісікке күдік туған жағдайда дәрігердің тактикасын қалыптастыру, сондай-ақ заманауи диагностикалық және емдеу әдістерін меңгеруге бағытталған. Практикалық сабақтар емханада, қабылдау бөлімінде және стационарда пациенттердің тікелей қатысуымен өткізіледі. Кафедра қызметкерлері ғылыми және клиникалық жұмыстарды белсенді жүргізіп, өңірдегі онкология мен радиологияның дамуына елеулі үлес қосып келеді.
| 1 | ![]() |
Апсаликов Бакытбек Асылбекович |
Кафедра меңгерушісі |
| 2 | ![]() |
Косымбаева Евгения Олеговна |
Кафедраның оқу ісі меңгерушісі |
| 3 | ![]() |
Жунисова Дарья Александровна |
Кафедра ассистенті |
| 4 | ![]() |
Мусульманова Мадина Азиятовна |
Кафедра ассистенті |
| 5 | ![]() |
Рымбаева Айгуль Сарсенбековна |
Кафедра ассистенті |
| 6 | ![]() |
Салыкбаева Коркем Сагатбековна |
Кафедра ассистенті |
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz
Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық
Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық
Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық