МЕНЮ

Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі

Бөлімше 1990 жылдан бері жұмыс істейді, Ядролық медицина және онкология орталығында жүргізілетін әр түрлі операцияларға анестезиологиялық көмек көрсетеді. Бөлімшенің негізін қалаушы — жоғары санатты дәрігер В.М.Савенков. Бөлімшеде тәжірибелі анестезиологтар О.Т.Ходжимов, медицина ғылымдарының докторы М.Н.Сандыбаев және басқалар жұмыс істеген.

Жалпы аурухана қоры 205 төсекке арналған, анестезиология және реанимация бөлімшесінде өмірлік маңызды функциялары бұзылған науқастарға жоғары білікті қарқынды терапия және шұғыл көмек көрсетуге арналған 6 төсек, сондай-ақ 1 төсектік ояну палатаcы ашылған.

Бөлімше меңгерушісі - жоғары санатты дәрігер Даулет Атамбекович Есболатов.

Анестезиологиялық қызметтің негізгі мақсаты - пациенттің стационарда болу кезеңдерінің барлығында оның жайлы жағдайын қамтамасыз ету: анестезияға дайындау, оны жүргізу, анестезия процесінде және операциядан кейінгі кезеңде өмірлік маңызды ағзалардың қызметін бақылау және басқару.

ОАРИТ бөлімшесінің қызметкерлері заманауи наркозды-тыныс алу аппараттары, мониторлар, шприц дозаторлары, пациенттер мен ерітінділерді қыздыру құрылғылары, дефибрилляторлар және т.б. жабдықталған 3 операциялық блокта хирургиялық қызметке анестезиологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 

Бөлімшеде форанмен, севофлюранмен төмен ағымды наркоз, эпидуральды және өткізгіш анестезия сынды заманауи тиімді әдістердің басым бөлігі енгізілген, бұл хирургтарға ауыр сырқаттары мен функционалды резервтері шектеулі науқастарға ең күрделі операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Стационарда жүргізілетін хирургиялық араласуларда анестезиологиялық көмек көрсетумен қатар, бөлімше түрлі профильдегі науқастарға қарқынды терапия жүргізеді, заманауи технологияларды қолданады.

Жоғары білікті персонал науқастарды тәулік бойы бақылауда ұстайды, барлық заманауи анестезия әдістерін меңгерген.

Өмірлік маңызды функциялардың өткір бұзылуының алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді.

Анестезиологтар мен реаниматологтардың жұмысын анестезиология және реанимация бөлімшесінің құрамындағы жақсы жабдықталған зертханалық экспресс-диагностика тобы қамтамасыз етеді.

Тұрақты негізде КЩС, қанның газ және электролиттік құрамы, қанның биохимиялық құрамы, ТЭГ қанды ұю жүйесінің көрсеткіштері, сондай-ақ зәр құрамының қажетті кейбір параметрлері зерттеледі.

Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің кейбір қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады, ғылыми жарияланымдары бар.

Зерттеу бағыттары: анестезиологиялық қамтамасыз етудің әдістерін, ауыр жарақаттық және аса күрделі онкологиялық операцияларды, сондай-ақ жоғары қауіп тобындағы науқастарды әзірлеу.

Ауырсыну синдромы кезінде химиялық денервация әдісі, санациялық фибробронхоскопия, химиотерапия жүргізуге арналған имплантацияланатын теріасты порт жүйелерін орнату енгізілді.

Осылайша, жоғары білікті анестезиолог-дәрігерлер мен заманауи құрал-жабдықтардың үйлесімі, диспансердің анестезиологиялық және хирургиялық қызметтері арасындағы сабақтастық хирургтарға пациент жағдайының ауырлығына қарамастан, кез- келген күрделілік пен ұзақтықтағы операцияларды зиянсыз орындауға мүмкіндік береді.

    Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

    Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
    Семей қ., Құтжанов к., 3

    E-mail: mail@semeyonko.kz

    Емхана:
    +7 (702) 075-07-80 - ұялы
    +7 (7222) 69-42-16 - қалалық

    Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
    +7 (702) 075-07-81 - ұялы
    +7(7222) 69-42-18 - қалалық