Бөлімшеде Қазақстанда және шетелдерде, соның ішінде Ресей, Жапония, Корея елдерінде білім алған білікті мамандар (рентгенологтар мен сонологтар) жұмыс істейді.
Бөлімше заманауи құрылғылармен жабдықталған, олар мыналарды қамтиды: Toshiba рентген-диагностикалық аппараты, Siemens компьютерлік томографы, Siemens магнитті-резонанстық томографы, Toshiba және Philips көпфункционалды ультрадыбыстық аппараттары, Siemens цифрлық маммографы.
2018 жылы бөлімше General Electric компаниясының жаңа цифрлық рентген аппаратын алды.
Компьютерлік томограф Корея үкіметінен сый ретінде берілді, рентген-диагностикалық аппарат Жапония үкіметі тарапынан сыйға тартылды.
Бөлімше дәрігерлері сәулелік және ультрадыбыстық диагностиканың барлық әдістерін орындайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 995 бұйрығына сәйкес, яғни ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 «Халықтың мақсатты топтарына профилактикалық медициналық тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, онкологиялық орталықта әйелдердің сүт безі обыры түрлерін ерте анықтау мақсатында скринингтік тексеру бағдарламасы жүргізіледі, сонымен қатар маммограммалардың «екінші оқылымы» жүргізіледі.
Мамандардың жоғары кәсіби дайындығы мен заманауи құрылғылардың арқасында диагностиканың сапасы әлемдік стандарттарға сай келеді.
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz
Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық
Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық