Маммология және гинекология бөлімшесінде тәулік бойғы стационарға арналған 25 төсек орналастырылған. Бөлімше сүт безі мен әйелдердің репродуктивті жүйесінің қатерлі, обырға дейінгі және қатерсіз аурулары бар пациенттерге кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында, сондай-ақ пациенттің қалауы бойынша ақылы негізде мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Облыстық деңгейде барлық операция түрлері жүргізіледі, емдеудің жаңа заманауи әдістері, оның ішінде жарақаты аз, ағзаны сақтайтын, қалпына келтіру және лапароскопиялық операциялар үнемі енгізілуде. Бөлімше мамандары шетелдік онкоорталықтарда оқытудан және тағылымдамадан өтіп, кеңес беру, диагностика және емдеу рәсімдерін жүргізуге қажетті білім мен құзыреттерге ие.
Бөлімше заманауи және сапалы ем жүргізуге қажетті жаңа аппаратурамен үнемі жабдықталып отырады.
Бөлімше дәрігерлері үнемі кәсіби деңгейін жетілдіріп отырады: конференцияларға қатысады және баяндама жасайды, тұрғындарды профилактикалық тексеруден өткізу үшін көшпелі мобильді бригадалар жұмысына белсенді қатысады, теледидарда, радиода және әлеуметтік желілерде дәрістер оқиды.
Бөлімшенің негізгі міндеттері:
- Сүт безі мен әйелдердің репродуктивті жүйесінің қатерлі патологиясы бар науқастарға хирургиялық ем жүргізу.
- Сүт безі мен әйелдердің репродуктивті жүйесінің обырға дейінгі аурулары бар науқастарға хирургиялық ем жүргізу.
- Сүт безі мен әйелдердің репродуктивті жүйесінің қатерсіз патологиясы бар науқастарға хирургиялық ем жүргізу.
- Абай облысындағы онкологиялық ахуалды жақсарту.
- Сүт безі мен әйелдердің репродуктивті жүйесінің онкологиялық ауруларының алдын алу, ерте анықтау және емдеу мақсатында жаңа, озық технологиялар мен әзірлемелерді енгізу.
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz
Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық
Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық