2019 жылғы ақпан айында Ядролық медицина және онкология орталығында (ЯМжОО) 15 төсекке арналған онкологиялық науқастарға паллиативтік терапия бөлімшесі құрылып, 2021 жылы ол 7 төсекке қайта профилирленді.
Бөлімше меңгерушісі - жоғары санатты хирург-онколог дәрігер Рахымжанов Г.П.
Паллиативтік терапия бөлімшесінің науқастары - диспансерлік есепте тұрған, IV клиникалық топқа (ісік үдерісі алыс барған) жататын, ісіктің генерализацияланған түріне шалдыққан адамдар. Осы бөлімде олар симптоматикалық және ауырсынуды басатын ем алады.
Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері қосарланған аурулардың асқынуларын жою арқылы науқастарды толық мамандандырылған ем алуға дайындайды. Әрбір адам үшін туындаған мәселені шешуге ең қолайлы әдіс таңдалады.
2025 жылдан бастап бөлімше «реабилитация және паллиативтік терапия бөлімшесі» деген атауға өзгеріп, паллиативтік терапияға 2 төсек және реабилитацияға 10 төсек бөлінді. Жұмысқа жоғары санатты врач-реабилитолог, невропатолог Мусина Шынар Ермековна қабылданды.
Реабилитация және паллиативтік терапия бөлімшесінде онкологиялық науқастарға негізгі емнен кейін қалпына келтіру ем-жоспары жүргізіледі. Бұл мақсат - өмір сапасын жақсарту, асқынуларды азайту және әдеттегі белсенділікке қайтару.
Онкореабилитацияның негізгі бағыттары:
- Медицина: операциядан кейінгі салдарды емдеу, химиотерапия мен сәулелік терапияның жанама әсерлерін түзету, қосарланған ауруларды бақылау
- Физикалық: ЛФК, тыныс гимнастикасы, жеңіл массаж, кейбір физиотерапия әдістері, төзімділікті, күшті және қозғалғыштықты біртіндеп қалпына келтіру
- Психологиялық
- Әлеуметтік
Қазіргі таңда бөлімшеде жұмыс істейді: врач-реабилитолог, ЛФК нұсқаушылары мен массажистер, олар әртүрлі реабилитациялық қажеттіліктері бар науқастарға көмектеседі. Сондай-ақ қозғалыс белсенділігін қалпына келтіруге және лимфостаздың алдын алуға қажетті жабдықтар бар: прессотерапия және лимфодренаж аппараты.
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz
Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық
Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық