Аталған ем түрі алғашқы 25 төсектік орын онкологиялық диспансердің радио-сәулелік бөлімшесінде жүргізілді. РУМ-3, РУМ-17 аппараттарында терең және беткей рентгенотерапия, радиоактивті моншақтар мен инелерді қолдана отырып, қуысішілік қолмен салулар жүргізілді. Гамма-терапия ГУТ-GO-400 аппаратында жүргізілді. Бөлімше меңгерушісі – Г. Болдырев. Жетекші радиолог дәрігерлер – Э.Р. Бельская, Н.П. Хвостикова, В.М. Левыкиналар болды. Олар тәжірибелі дәрігер болумен қатар, медициналық институтта радиология және онкологиядан сабақ берген.
Типтік радиология корпусының ғимараты 1967 жылдан бастап салынды және жұмыс істеп келеді, Семей қ. Ядролық медицина және онкология орталығындағы ең ірі нысандардың бірі болып табылады. Бастапқыда үш радиология бөлімшесі жұмыс істеді: радиогинекология, радиохирургия және радиоизотоптық зертханасы бар қашықтықтан терапия бөлімшесі. Бөлім меңгерушілері – Колкер, Ушаков.
Кейін біріктіру жүргізілді. Кейіннен радиологиялық қызметтің меңгерушісі – Л.Т.Арямкин болды. Халық арасында зор құрметке ие болған танымал мамандар – Т.О. Бухтиярова, Е.О.Сабеков.
Қазіргі уақытта бөлімшеде 40 төсектік орын бар.
Бөлімше ұжымы онкологиялық науқастарға сәулелік терапия жүргізуде мол тәжірибеге ие, құрамында медициналық және техникалық мамандық иелері бар.
Мұнда жоғары білікті қызметкерлер жұмыс істейді.
Бөлімше меңгерушісі – радиациялық онколог дәрігер Жұмақанова Н.С.
Қазіргі таңда бөлімшеде белгілі мамандар – С.Р. Удерина, Н.Ю.Карнакова, А.Ж.Кабидоллина, А.К.Копеева, А.К.Мұқатова, А.С.Жаныбековалар жұмыс істейді.
Бөлімше дәрігерлерінің барлығы – сәулелік терапия жүргізудің ең заманауи әдістерін меңгерген жоғары дәрежелі мамандар. Біздің радиациялық онкологтар, медициналық физиктер және RTT мамандары жақын (Ресей, Әзербайжан, Грузия) және алыс шетелдердің (Латвия, Литва, Эстония, Словения, Германия, Италия, Австрия, Англия, Польша, Түркия, Оңтүстік Корея, Израиль және т.б.) жетекші онкологиялық клиникаларында оқытудан өтті. Радиациялық онкологтар орталықтың жас мамандарына тәлімгер, сондай-ақ клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасының резиденттеріне куратор болып табылады. Біздің орталық базасында радиациялық онкология саласындағы шетелдік менторлардың қатысуымен Қазақстандағы радиациялық онкология орталықтарынан әріптестерін шақыра отырып, мастер-кластар мен конференциялар өткізіледі.
Бөлімше иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс жүргізуге №15009280, 20.05.2015ж. мемлекеттік лицензияға ие. Бөлімшеде медициналық ғылымның жетістіктері практикаға енгізіледі. Радиология бөлімшесі – Семей мемлекеттік медицина университеті радиология курсының клиникалық базасы, бірлескен ғылыми жобалар жүзеге асырылады.
«Сәулелік терапия» мамандығы бойынша резиденттер оқу-өндірістік практикадан өтеді.
Радиология бөлімшесінің басты мәселесі – сәулелік емге арналған ескі құрылғылар мен науқастардың болуына тұрмыстық жағдай жасалмаған ескі радиология корпусы болды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1388 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы №1260 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында 2004 жылы Радиологиялық орталықтың құрылысы басталды. 2011 жылдың соңында 85 төсектік орын стационардың және радиология корпусының құрылысы аяқталды. Радиологиялық жабдықтар сатып алынды: «Teragam K-02», «Terabalt» гамма-терапиялық аппараттары және «Terasix» рентген-симуляторы.
2011 жылы АЭХА мен ҚР Атом энергетикасы комитетінің «Шығыс Қазақстандағы радиология қызметін жетілдіру» бірлескен жобасы (KAZ/6/008) жүзеге асырылды.
Жоба АЭХА тарапынан Радиология орталығын заманауи құрылғылармен жабдықтауға және мамандарды оқытуға қолдау көрсетуді қарастырды …
Қазіргі уақытта Семей қ. ЯМжОО-да 2015 жылы іске қосылған «TrueBeam» медициналық желілік үдеткіші жұмыс істейді.
Оны пайдалану кезеңінде тек медициналық үдеткіштерде жүргізілетін жоғары мамандандырылған сәулелік терапия әдістері енгізілді, атап айтқанда:
3DCRT – конформдық сәулелік терапия
IMRT – қарқынды модуляцияланған сәулелік терапия
RapidArc/VMAT – көлемді модуляцияланған сәулелік терапия
IGRT – кескінмен басқарылатын сәулелік терапия
Сонымен қатар, 4D сәулелік терапия және Gating (DIBH) – тыныс алуға синхрондалған сәулелік терапия әдістері де енгізілді
Сонымен қатар, Семей қ. ЯМжОО-да ШҚО ДСБ бағдарламасы бойынша 2019 жылдан бастап гинекологиялық патологиялар, сүт безі обыры, өңеш пен өкпе обыры кезінде 3D жоғары қуатты брахитерапия жүргізіледі.
Аталған әдістер тек Семей қ. ЯМжОО базасында жүргізіледі.
Бұл емнің сапасын және пациенттердің өмір сүру ұзақтығын айтарлықтай арттырды.
2024 жылдан бастап TrueBeam S/N 6486 жүйесі іске қосылды, ол да Орталықтың онкологиялық ауруларды емдеу мүмкіндіктерін кеңейтті.
ШҚО Әкімдігі мен АЭХА жобалары аясында оқытудан өткен жоғары білікті мамандардың арқасында, Семей қ. ЯМжОО қазіргі таңда ең заманауи емдеу әдістерін енгізуге үлкен әлеуетке ие.
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz
Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық
Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық