МЕНЮ

Емхана

Абай облыстық Ядролық медицина және онкология орталығының емханасы — онкологиялық және басқа да аурулары бар пациенттерге мамандандырылған амбулаториялық көмек көрсететін Орталықтың маңызды құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Емхананың тарихы Шығыс Қазақстан өңіріндегі онкологиялық қызметтің дамуымен тығыз байланысты. Өңірде онкологиялық көмекті ұйымдастыру 1947 жылы Семей қаласында онкологиялық пункттің ашылуымен басталды. Кейінгі жылдары, 1953-1959 жылдар аралығында, құрамында емханалық қызметі бар мамандандырылған онкологиялық диспансер құрылды.

Бүгінде Ядролық медицина және онкология орталығының емханасы - Абай облысы халқын кешенді әрі сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етуге бағытталған, заманауи диагностикалық құрал-жабдықтармен жабдықталған және жоғары білікті медициналық кадрлармен қамтамасыз етілген қазіргі заманғы медициналық мекеме.

Абай облыстық Ядролық медицина және онкология орталығының емханасы онкологиялық және обырға дейінгі аурулары бар халыққа амбулаториялық-кеңестік және диагностикалық көмек көрсетеді.

Негізгі функциялары мен қызмет түрлері:

- Тар бейінді мамандардың қабылдауы мен кеңестері: онколог, онкохирург, онкогинеколог, маммолог, онкоэндокринолог, онкоуролог, амбулаториялық химиотерапевт, психотерапевт және басқалар;

- Бастапқы тексеру жүргізу, диагноз қою, емдеу тактикасын анықтау;

- Онкологиялық пациенттерге диспансерлік бақылау жүргізу;

- Амбулатория жағдайында химиотерапиялық және таргеттік емді тағайындау, түзету және бақылау;

- Пациенттерді психологиялық және әлеуметтік қолдауды қоса алғандағы ілесіп жүру;

- Пациенттерді ауруханаға жатқызуға дайындау және жолдау, оның ішінде госпитализациялау бюросы Порталы арқылы;

- Мемлекеттік бағдарламалар аясында қатерлі ісіктерді ерте анықтауға арналған халықты скринингтік тексеруден өткізу жұмыстарын ұйымдастыру.

Бөлімше міндеттері:

- Мамандандырылған онкологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру;

- Диагностика мен емдеуді уақытылы қамтамасыз ету;

- Қатерлі ісіктерді ерте сатысында анықтау;

- Амбулаториялық және стационарлық қызметтер арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;

- Пациенттердің өмір сапасын медициналық сүйемелдеудің барлық кезеңдерінде арттыру.

Негізгі жабдықтар:

- Емхана жанындағы эндоскопиялық орталық (ФГДС, колоноскопия, бронхоскопия және т.б.);

- Call-орталық және медициналық ақпараттық жүйемен біріктірілген электрондық жазылу жүйесі.

Технологиялар мен бірегей ресурстар:

- Ядролық медицина және молекулалық диагностика бөлімімен өзара іс-қимыл, ПЭТ/КТ және сцинтиграфияға жолдау мүмкіндігі;

- Иммуногистохимиялық және молекулалық-генетикалық зерттеулерді қолдану (көрсеткіштер бойынша);

- Бекітілген хаттамалар бойынша амбулаториялық жағдайда химиотерапия жүргізу мүмкіндігі;

- Пациенттерді емдеуде мультидисциплинарлық тәсілді қолдану (консилиумдар);

- Қатерлі ісіктерді ерте анықтауға бағытталған мемлекеттік скринингтік бағдарламаларды іске асыру.

Емхананың жетістіктері

- Емхана бірнеше рет алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталған;

- Емхана дәрігерлері бірнеше рет «Жылдың үздік дәрігері», «Үздік емхана» номинацияларымен марапатталған.

Клиникалық және ғылыми жетістіктер

- Емхана мамандары республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар және вебинарларға белсенді қатысады;

- Тәуекел топтарындағы қатерлі ісіктерді ерте анықтауға арналған алгоритмдерді әзірлеу және енгізу жұмыстары жүргізілуде;

- Медициналық жоғары оқу орындарының кафедраларымен бірлесе отырып, онкологиялық бейіндегі студенттерді, интерндерді және резиденттерді даярлау жүргізіледі;

- Мамандар амбулаториялық онкологиялық көмектің тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми жарияланымдар мен зерттеулерге қатысады.

    Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

    Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
    Семей қ., Құтжанов к., 3

    E-mail: mail@semeyonko.kz

    Емхана:
    +7 (702) 075-07-80 - ұялы
    +7 (7222) 69-42-16 - қалалық

    Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
    +7 (702) 075-07-81 - ұялы
    +7(7222) 69-42-18 - қалалық