МЕНЮ

Инфекциялық бақылау қызметі

Инфекциялық бақылау қызметінің мақсаты - мекемеде инфекциялық қауіпсіздікті сақтау бойынша мониторинг пен бақылауға бағытталған ұйымдастырушылық іс-шаралар жүйесін әзірлеу және енгізу

Эпидемиологиялық диагностика және талдау

Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар

Ұйымдастыру және бақылау

Қызметкерлерді оқыту

Инфекциялық бақылау қызметінің негізгі функциялары:

– инфекциялардың ауруханаішілік таралуына ықпал ететін жағдайларды, берілу жолдары мен факторларын эпидемиологиялық диагностикалау, пациенттер мен медицина қызметкерлерінің жұқтыру қаупін бағалау

– ауруханаішілік инфекциялармен сырқаттанушылықты, өлім-жітімді және экономикалық шығынды азайтуға бағытталған профилактикалық және індетке қарсы іс-шараларды әзірлеу және ұйымдастыру

– профилактикалық және індетке қарсы іс-шаралардың эпидемиологиялық және экономикалық тиімділігін бағалау

– ауруханаішілік инфекциялар, басқа да инфекциялық аурулар немесе солардан болатын өлім-жітім, инфузиялық терапия кезінде туындайтын ерекше реакциялар, инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын (соның ішінде ВБИ – ауруханаішілік инфекциялар) бөліп алу жағдайлары бойынша медициналық ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерінен күнделікті келіп түсетін ақпаратты жинау және талдау жұмыстарын ұйымдастыру

– ауруханаішілік инфекциялар бойынша сырқаттанушылықтың жедел және ретроспективті эпидемиологиялық талдауын жүргізу, жұқтыру заңдылықтарын, үрдістері мен эпидемиялық үдерістің ерекшеліктерін, жалпы және жекелеген нозологиялық түрлер бойынша анықтау

– инвазивті араласулардың, жаңа медициналық технологиялардың эпидемиологиялық қауіпсіздік деңгейін, пациенттер мен медицина қызметкерлерінің жұқтыру қаупін бағалау, оны төмендетуге бағытталған шараларды анықтау және ұйымдастыру

– ауруханаішілік инфекциялардың негізгі қоздырғыштарының антимикробтық және антисептикалық препараттарға төзімділігін эпидемиологиялық тұрғыдан талдау, басқа мамандармен бірлесе отырып, медициналық ұйымдарда антимикробтық препараттарды қолдану стратегиясы мен тактикасын әзірлеу, санитариялық-микробиологиялық зерттеулер нәтижелерін эпидемиологиялық талдау, оларды жүргізу стратегиясын, көлемі мен жиілігін анықтау

– ауруханаішілік инфекцияларға қатысты эпидемиологиялық қадағалау жүйесін (айналымдағы қоздырғыштардың биологиялық қасиеттеріне микробиологиялық мониторингті қоса алғанда) әзірлеу және енгізу, оның тиімділігін жүйелі түрде бағалау

– медицина қызметкерлерін вакцинациялау процесін бақылау

– медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және жою жүйесін бақылау

– ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің түрлі санаттарын жүйелі түрде оқытуды ұйымдастыру

– орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде санитариялық-індетке қарсы және дезинфекциялық-стерилизациялық режимдердің сақталуын бақылау

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3

E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық