МЕНЮ

Бейінді мамандарға арналған практикалық тағылымдамалар

29 маусым мен 3 шілде аралығында Ядролық медицина және онкология орталығының базасында Абай облысының медициналық ұйымдарының бейінді мамандарына арналған онкологиялық қырағылықты арттыру, қатерлі ісіктерді ерте анықтау және онкологиялық ауруға күдігі бар пациенттерді бағыттау мәселелері бойынша практикалық тағылымдама өтті. Тағылымдамаға өңіріміздің дәрігер-рентгенологтар, эндоскопистер, нефрологтар және акушер-гинекологтар қатысты.
Практикалық бағдарлама Орталықтың бейінді бөлімшелерінде ұйымдастырылып, мамандардың консультативтік жұмысына қатысуды, заманауи диагностикалық әдістермен танысуды және қатерлі ісікке күдігі бар пациенттерді бағыттау қағидаттарын меңгеруді қамтыды.
Тағылымдама барысында мультидисциплинарлық топтың (МДТ) жұмысына ерекше назар аударылды. МДТ отырыстары кезінде қатысушылар күрделі клиникалық жағдайларды бірлесіп талқылау үдерісін, пациенттерді тексеру мен емдеу тактикасын айқындауды, сондай-ақ әртүрлі бейіндегі мамандардың қатысуымен клиникалық шешім қабылдау қағидаттарын тәжірибе жүзінде бақылады.
Осындай практикалық тағылымдамаларды өткізу дәрігерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, пәнаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және облыстың медициналық ұйымдарында онкологиялық ауруларды ерте анықтау сапасын жақсартуға ықпал етеді. Тағылымдама қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық