МЕНЮ

Абай облысы денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда.

Ресей Федерациясының Омбы қаласында «Жаһандық логистикалық экожүйені қалыптастыру: Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының жаңа көкжиектері» тақырыбымен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумы өтті. Форум жұмысына Абай облысының әкімі Берік Уәли бастаған облыс делегациясы қатысты.
Делегация құрамында Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Кәркенұлы Молдабеков, Ядролық медицина және онкология орталығының директоры Саят Замамбекұлы Танатаров, Облыстық перинаталдық орталықтың басшысы Арқат Құдайбердіұлы Дайырбеков және Жедел медициналық жәрдем ауруханасының политравма орталығының меңгерушісі Дарын Бақтыбаев болды.
Форум аясында Ядролық медицина және онкология орталығының директоры Саят Танатаров Омбы облыстық клиникалық онкологиялық диспансерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат медициналық ұйымдар арасындағы әріптестікті дамытуға, озық клиникалық тәжірибемен алмасуға, бірлескен ғылыми-білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға, сондай-ақ онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.
Меморандумға қол қою Абай облысының денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды. Қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мамандар арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды кеңейтуге, мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттыруға және өңірдің онкологиялық қызметін одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық