МЕНЮ

Ядролық медицина және онкология орталығы The First Affiliated Hospital of Xi’an Jiaotong University ауруханасымен халықаралық ынтымақтастықты нығайтты

Қытай Халық Республикасына жасалған ресми жұмыс сапары аясында Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК «Ядролық медицина және онкология орталығы» мен Қытайдың жетекші университеттік клиникаларының бірі – The First Affiliated Hospital of Xi’an Jiaotong University арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
The First Affiliated Hospital of Xi’an Jiaotong University – Қытайдағы жетекші көпсалалы емдеу, ғылыми және білім беру орталықтарының бірі. 1956 жылы құрылған аурухана елдегі ең жоғары Grade III Class A санатындағы алғашқы медициналық ұйымдардың қатарына кіреді және Қытайдың «Үздік 100 ауруханасы» тізіміне енген. Клиника медицина кадрларын даярлаудың маңызды базасы болып табылады, ғылыми зерттеулерді белсенді дамытып, диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізуде, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы халықаралық жобаларды іске асыруға қатысады.
Меморандумға қол қою онкология, ядролық медицина, клиникалық диагностика, медицина ғылымы және білім беру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Келісім аясында тараптар мамандар арасында академиялық және кәсіби алмасуды дамытуға, бірлескен ғылыми зерттеулер, конференциялар мен білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға, озық клиникалық тәжірибемен бөлісуге, сондай-ақ заманауи медициналық технологияларды енгізуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға ниетті.
Ядролық медицина және онкология орталығы үшін Қытайдың жетекші университеттік ауруханаларының бірімен ынтымақтастық орнату халықаралық әріптестікті кеңейтудің, медицина мамандарының кәсіби біліктілігін арттырудың және әлемдік озық тәжірибелерді Абай облысы тұрғындарына көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмекке енгізудің маңызды қадамы болмақ.
Меморандумға қол қою тараптардың ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми өзара іс-қимылды нығайтуға және медициналық көмектің сапасын арттыру мен заманауи онкологиялық қызметті дамыту жолындағы халықаралық байланыстарды кеңейтуге деген ортақ ұмтылысын айқындайды.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық