МЕНЮ

Ядролық медицина және онкология орталығы Xi’an TCM Hospital of Encephalopathy ауруханасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қытай Халық Республикасының Сиань қаласына жасалған жұмыс сапары барысында Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК «Ядролық медицина және онкология орталығы» дәстүрлі қытай медицинасы және жүйке жүйесі ауруларын емдеу саласындағы Қытайдың жетекші медициналық ұйымдарының бірі – Xi’an TCM Hospital of Encephalopathy ауруханасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Xi’an TCM Hospital of Encephalopathy 1996 жылы құрылған және дәстүрлі қытай медицинасының заманауи әдістері мен интегративті тәсілдерді қолдана отырып, ми және жүйке жүйесі аурулары бар пациенттерді диагностикалау, емдеу және оңалтуға маманданған Қытайдағы Grade III Class A санатындағы алғашқы бейінді аурухана болып табылады. Медициналық ұйым Шэньси провинциясының Дәстүрлі қытай медицинасы басқармасына тікелей қарайды, халықаралық ынтымақтастықты, ғылыми зерттеулерді және медициналық қызметтер экспортын белсенді дамытуда.
Қол қойылған келісім медициналық ғылым, кәсіби білім беру және екі ел мамандары арасындағы тәжірибе алмасу салаларындағы әріптестікті дамытуға бағытталған.
Тараптар мамандардың өзара сапарларын ұйымдастыруды, бірлескен білім беру бағдарламаларын, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен зерттеулер өткізуді, пациенттерді оңалтудың заманауи тәсілдерімен алмасуды, сондай-ақ халықаралық озық тәжірибені клиникалық қызметке енгізу мүмкіндіктерін зерделеуді жоспарлап отыр.
Ядролық медицина және онкология орталығы үшін бұл ынтымақтастық халықаралық байланыстарды кеңейтуге, медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін арттыруға және кешенді медициналық көмек көрсетуге инновациялық тәсілдерді енгізуге қосымша мүмкіндіктер ашады.
Меморандумға қол қою Орталықтың халықаралық ынтымақтастықты дамыту және әлемнің жетекші медициналық ұйымдарымен серіктестік байланыстарды нығайту жөніндегі стратегиясын іске асырудағы кезекті маңызды қадам болды.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық