МЕНЮ

«SENIM» кәсіподағы өрттен зардап шеккен бөлімшеге материалдық көмек көрсетті

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Абай облыстық филиалы мен Ядролық медицина және онкология орталығының кәсіподақ ұйымы өрттен зардап шеккен Морфология және цитология бөліміне материалдық көмек көрсетті.
Бөлінген қаражат төтенше жағдайдың салдарын ішінара жоюға бағытталатын болады. Көрсетілген қолдау Орталық қызметін қалпына келтіруге елеулі үлес қосып, зардап шеккен бөлімшенің қалыпты жұмыс режиміне мүмкіндігінше тезірек оралуына ықпал етеді.
Ядролық медицина және онкология орталығының әкімшілігі мен ұжымы «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Абай облыстық филиалына және Орталықтың кәсіподақ ұйымына ынтымақтастығы, жанашырлығы және дер кезінде көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысын білдіреді. Осындай қиын кезеңде әріптестердің қолдауы ерекше маңызға ие және өрт салдарын қысқа мерзімде еңсеруге зор септігін тигізеді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық