МЕНЮ

2026 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің өкілдері «Өсімдік тамырлары» бағдарламасы жобасы аясында мониторингтік сапармен Ядролық медицина және онкология орталығына келді.

2026 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің өкілдері «Өсімдік тамырлары» бағдарламасы жобасы аясында мониторингтік сапармен Ядролық медицина және онкология орталығына келді. Сапар барысында Жапония Елшілігінің «Өсімдік тамырлары» бағдарламасының үйлестірушісі Масиро София және әріптестері Орталықтың қызметімен, инфрақұрылымымен, негізгі жұмыс бағыттарымен және жобаны іске асыру нәтижелерімен танысты. Елшілік өкілдеріне Орталықтың даму барысы, бейінді бөлімшелердің жұмысы, қолданылатын медициналық технологиялар және мекеменің ядролық медицина мен онкология саласындағы мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында іске асырылған жобаның нәтижелеріне, оның Орталық үшін практикалық маңыздылығына және сатып алынған жабдықтарды одан әрі пайдалануға ерекше назар аударылды.
Сапар аясында Елшілік өкілдері жабдықтарды пайдалану жағдайларымен және Орталықтың қазіргі қажеттіліктерімен де танысты.
Кездесу сындарлы диалог форматында өтті. Тараптар ынтымақтастықтың нәтижелерін және «Өсімдік тамырлары» бағдарламасы аясындағы өзара іс-қимылдың одан әрі перспективаларын талқылады.
Ядролық медицина және онкология орталығы Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігіне бірлескен жобалардың нәтижелеріне көрсеткен назары және онкологиялық көмекті дамытуға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіреді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық