Ядролық медицина және онкология орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілімен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, заңнама талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, сондай-ақ кәсіби қызметтегі адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, белгіленген нормаларды сақтау және ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға заңнамадағы өзекті өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, адалдық мәдениетін нығайтуға және қызметтік міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға маңызды үлес қосады.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер алды.
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz
Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық
Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр
Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық