МЕНЮ

Орталығымыз Тайланд Корольдігінің делегациясын қарсы алуда

Ядролық медицина және онкология орталығында Тайланд Корольдігінің делегациясымен ресми кездесу өтті. Сапар «Медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша Тайланд – Қазақстан» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба кәсіби ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және екі елдің медицина мамандары арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Ресми кездесу барысында Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы, Орталық және Тайланд тарапының өкілдері онкология саласындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын, заманауи медициналық технологияларды және кадрларды даярлау мәселелерін талқылады.
Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі – Ядролық медицина және онкология орталығы мен CT Asia Robotics Co., Ltd. компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы болды. Құжат кәсіби және технологиялық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Халықаралық серіктестік – білім, технология және тәжірибені біріктіре отырып, басты мақсатқа – пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық