айланд Корольдігі делегациясының сапары Ядролық медицина және онкология орталығының мамандарына арналған медициналық семинармен жалғасты. Кездесу барысында Тайландтың жетекші мамандары онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін ұсынып, өздерінің практикалық клиникалық тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға қатысушылар заманауи онкологияның кең ауқымды бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, ПЭТ/КТ және ПЭТ/МРТ зерттеулерінің мүмкіндіктері, тераностика және заманауи радиофармацевтикалық препараттарды қолдану, паллиативтік көмек, әйелдердің репродуктивті жүйесі ісіктері кезіндегі интерстициалды брахитерапия, сондай-ақ асқазан-ішек жолы ісіктерінің жүйелі терапиясы мәселелері қарастырылды.
Кәсіби пікір алмасу семинардың маңызды бөлігіне айналды. Мамандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, клиникалық жағдайларды талқылап, медициналық көмекті ұйымдастырудың түрлі тәсілдерін салыстырды.
Мұндай кездесулер жаңа білім алуға ғана емес, сонымен қатар тәжірибеде жүрген шетелдік мамандардың халықаралық тәжірибесін тікелей меңгеруге мүмкіндік береді.
Халықаралық ынтымақтастық жалғасуда. Бірге онкологиялық қызметті дамытып, мамандарымыздың кәсіби құзыреттерін арттыру бағытында жұмыс істейміз.