МЕНЮ

Орталығымызда қайталама гиперпаратиреоз кезінде хирургиялық емдеу бойынша шеберлік сағаты өтті

7–9 қыркүйек аралығында орталығымыздың базасында «Бағдарламалық гемодиализдегі қайталама гиперпаратиреозы бар пациенттерге аутотрансплантациямен тотальды паратиреоидэктомия және субтотальды паратиреоидэктомия» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Іс-шараға Германиядан арнайы шақырылған маман — дәрігер-онколог, хирург, эндокринолог, медицина ғылымдарының кандидаты Константин Юрьевич Новокшонов қатысты. Маманның осы саладағы 15 жылдық еңбек тәжірибесі бар.
Шеберлік сағаты аясында медициналық мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және бағдарламалық гемодиализдегі қайталама гиперпаратиреозы бар пациенттерге көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған теориялық және практикалық сабақтар өткізілді.
Видеода Константин Юрьевич өзінің сапарының мақсаты мен өткізілген шеберлік сағатының негізгі бағыттары туралы айтып береді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық