МЕНЮ

Ядролық медицина және онкология орталығында Бірыңғай ашық есік күні өтті

Бүгін біздің орталығымызда гинекологиялық онкологиялық аурулардың алдын алуға және оларды ерте анықтауға арналған Бірыңғай ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында өңір тұрғындары тегін кешенді тексеруден өтіп, бейінді мамандардан кеңес алды. Бірыңғай ашық есік күніне 40-қа жуық тұрғын қатысты. Барлық қатысушы қажетті диагностикалық тексерулерден өтіп, денсаулығына байланысты әрі қарай бақылау және алдын алу шаралары бойынша мамандардың ұсыныстарын алды.
Тексеру нәтижесінде 27 қатысушыдан онкологиялық ауруларға қатысы жоқ әртүрлі дерттер анықталды. Сонымен қатар 4 жағдайда обыр алды жағдайы тіркелді. Бұл жағдайлар медициналық бақылауды және уақтылы ем жүргізуді қажет етеді.
Тексеру барысында қатерлі ісік жағдайлары анықталған жоқ.
Мұндай іс-шаралар профилактикалық тексерулердің қолжетімділігін арттыруға, аурулар мен обыр алды жағдайларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұрғындарға денсаулықты тұрақты бақылаудың және медициналық тексеруден уақтылы өтудің маңыздылығын түсіндіруге бағытталған.
Дерттерді ерте кезеңде анықтау қажетті медициналық көмекті дер кезінде бастауға және асқыну қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Ядролық медицина және онкология орталығы халық арасында онкологиялық аурулардың алдын алу, оларды ерте анықтау және тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық