МЕНЮ

Ядролық медицина және онкология орталығында жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл бойынша оқу-жаттығу өтті

Ядролық медицина және онкология орталығында жер сілкінісі салдарынан төтенше жағдай туындаған кезде қызметкерлердің іс-қимылын пысықтау мақсатында практикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында қызметкерлер пациенттер мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету алгоритмдерін, қауіп туындаған кездегі іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ бекітілген эвакуация жоспарына сәйкес ғимараттан шығуды ұйымдастыру тәртібін пысықтады.
Іс-шара барысында қызметкерлердің бірлескен және үйлесімді әрекет етуіне, шешімдерді жедел қабылдауына және пациенттерді эвакуациялау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауына ерекше назар аударылды.
Мұндай оқу-жаттығулар ұжымның төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылға дайындығын тексеріп, Орталықтағы пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
В Центре ядерной медицины и онкологии прошли учения по действиям при землетрясении
В Центре ядерной медицины и онкологии проведены практические учения по отработке действий сотрудников в случае возникновения чрезвычайной ситуации, связанной с землетрясением.
В ходе учений сотрудники отработали алгоритмы обеспечения безопасности пациентов и персонала, порядок действий при возникновении угрозы, а также организацию эвакуации из здания в соответствии с утверждённым планом.
Особое внимание было уделено слаженности действий сотрудников, оперативности принятия решений и соблюдению требований безопасности при эвакуации пациентов.
Проведение подобных учений позволяет проверить готовность коллектива к действиям в чрезвычайных ситуациях и повысить уровень безопасности пациентов и сотрудников Центра.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық