МЕНЮ

Психологиялық қолдау – әрдайым жаныңызда

Онкологиялық пациенттер мен олардың жақындарына арналған, Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орайластырылған психологиялық қолдау апталығы аясында Орталықта пациенттерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Пациенттерді қолдау қызметінің психологы Қаламқас Умытбаева стационар бөлімшелерін аралап, пациенттермен кездесіп, қызметтің жұмысы туралы ақпарат беретін буклеттер табыстауда. Мамандар қандай жағдайда психологиялық көмек алуға болатынын, психологқа қалай жүгінуге болатынын және Орталықта көрсетілетін қолдау түрлері туралы түсіндіреді.
Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – емделу кезеңінде пациенттің өз уайымымен жалғыз қалмайтынын, қажет болған жағдайда кәсіби психологиялық көмекке жүгіне алатынын жеткізу.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық