МЕНЮ

Ядролық медицина және онкология орталығы өкілдерінің жұмыс сапары

26 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Ядролық медицина және онкология орталығы өкілдерінің «Thailand-Kazakhstan Science, Research and Innovation Diplomacy on Oncology and Precision Medicine 2026» халықаралық бағдарламасы аясындағы жұмыс сапары өтті.
Орталық делегациясының құрамында Эндоскопия және визуалды диагностика орталығының жетекшісі Арайлым Бауржанқызы, Маммология және гинекология бөлімінің дәрігері Зауре Кенжекова және Маркетинг және жобалық даму бөлімінің жетекшісі Айгерім Рахимова болды.
Сапар Қазақстан мен Таиланд арасындағы онкология, ядролық медицина, ғылыми зерттеулер және инновациялар салаларындағы ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналды.
Сапар барысында тайландтық әріптестермен жұмыс кездесулері, кәсіби пікірталастар және тәжірибе алмасу өтті. Онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдеріне, дәл медицина бағыттарын дамытуға, ғылыми ынтымақтастыққа және халықаралық серіктестікті одан әрі кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Бағдарламаға қатысу Орталықтың тәжірибесін таныстыруға, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылауға және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін айқындауға мүмкіндік берді.
Сапарды ұйымдастырғаны, бағдарламаның жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз еткені және денсаулық сақтау мен ғылым салаларындағы Қазақстан мен Таиланд арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік бергені үшін Астанадағы Таиланд Корольдігінің Елшілігіне алғыс білдіреміз.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық