МЕНЮ

Ядролық медицина және онкология орталығында профессор Мусинов Даниял Рахымқанұлының рухына тағзым етілді

Ядролық медицина және онкология орталығында көрнекті ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мусинов Даниял Рахымқанұлының туғанына 75 жыл толуына орай еске алу рәсімі өтті.
Іс-шараға профессордың туған-туыстары мен жақындары, әріптестері, шәкірттері, медицина қауымдастығының өкілдері және Орталық қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар Даниял Рахымқанұлы туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, оның өмір жолы, кәсіби қалыптасуы, ғылыми жетістіктері және отандық онкологиялық қызметтің дамуына қосқан елеулі үлесі туралы әңгімеледі.
Профессор Мусинов Даниял Рахымқанұлы бүкіл ғұмырын медицина мен ғылымға арнап, онкология саласының дамуына зор үлес қосты. Ол бірнеше буын мамандарын тәрбиелеп, шәкірттеріне баға жетпес білім мен мол кәсіби тәжірибе қалдырды. Оның өз ісіне деген адалдығы, ғылыми идеялары мен бастамалары шәкірттері мен ізбасарларының еңбегінде бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда.
Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – профессордың өмірі мен қызметіне арналған естелік кітаптың сыйға тартылуы болды.
Салтанатты рәсім аясында профессордың ескерткіш тақтасына гүл шоқтары қойылды. Қатысушылар өмірін медицинаға, ғылымға және адам игілігіне арнаған тұлғаның рухына тағзым етіп, терең құрметтерін білдірді.
Адамның шынайы мұрасы тек жетістіктерімен ғана емес, артында қалдырған игі істерімен, өшпес іздерімен және өз білімін, құндылықтарын аманат еткен шәкірттерімен өлшенеді. Даниял Рахымқанұлының есімі Орталық тарихында, әріптестері мен шәкірттерінің жадында мәңгі сақталады. Оның кәсіби мұрасы медицина қызметкерлерінің кейінгі буындары арқылы жалғасын табады.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық