МЕНЮ

ҚазҒЗИОжР делегациясының сапары аясында Ядролық медицина және онкология орталығына таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды

2026 жылғы 13 қарашада ҚазҒЗИОжР делегациясының жұмыс сапары аясында Ядролық медицина және онкология орталығының құрылымдық бөлімшелеріне таныстыру экскурсиясы өткізілді.
Делегация құрамына ҚазҒЗИОжР-дың жетекші мамандары және медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҒЗИОжР Басқарма төрағасы Ербол Жүсланұлы Бекмұхамбетов кірді.
Сапар барысында делегация Орталықтың материалдық-техникалық базасымен, емдеу-диагностикалық үдерістің ұйымдастырылуымен, негізгі қызмет бағыттарымен және мамандандырылған бөлімшелердің жұмысымен танысты.
Атап айтқанда, радионуклидтік терапия бөлімшесі, радионуклидтік диагностика бөлімшесі, радиофармацевтикалық препараттар өндіру бөлімі, радиофармацевтикалық препараттардың сапасын бақылау бөлімі және радиациялық онкология бөлімшесі араланды.
Экскурсия барысында қатысушыларға Орталықтың ядролық медицина, онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу саласындағы мүмкіндіктері, сондай-ақ радиофармацевтикалық препараттарды өндіру мен олардың сапасын бақылау ерекшеліктері таныстырылды.
Сапар медициналық және ғылыми ұйымдар арасындағы кәсіби тәжірибе алмасуға, Орталық қызметінің озық бағыттарымен танысуға және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық