МЕНЮ

Қазақстанның клиникалық фармакологтарының VI Конгресі: тәжірибе алмасу және дәрілік заттарды ұтымды пайдаланудың заманауи тәсілдері

22–23 қазан күндері Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстанының медицина академиясының базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған халықаралық қатысумен Қазақстанның клиникалық фармакологтарының VI Конгресі өтті.
Конгресс бағдарламасы аясында Орталығымыздың госпитальдық фармация бөлімінің дәрігер-клиникалық фармакологы Айгерім Қасымқан «Онкологиялық стационардағы дәрілік заттарға ABC/VEN-талдау» тақырыбында баяндама жасады.
Онкологиялық практикада дәрілік заттармен ұтымды қамтамасыз ету мәселесі ерекше өзекті. Мұнда шығындардың едәуір бөлігін таргеттік, иммунотерапиялық және биологиялық препараттар құрайды. Осындай жағдайда шығындар құрылымын және олардың клиникалық басымдықтарға сәйкестігін объективті бағалау стационар ресурстарын тиімді басқару үшін маңызды мәнге ие.
Алынған деректердің формулярлық комиссия жұмысы және дәрілік заттарды сатып алуды жоспарлау үшін практикалық маңызына ерекше назар аударылды.
ABC/VEN-талдау қаржылық ресурстарды неғұрлым негізді түрде бөлуге, өмірлік маңызы бар препараттарға басымдық беруге мүмкіндік береді және ісікке қарсы емнің тиімділігін, сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
Орталық мамандарының осындай деңгейдегі іс-шараларға қатысуы кәсіби тәжірибе алмасуға, заманауи тәсілдерді клиникалық практикаға енгізуге және ұтымды фармакотерапияны одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық