Бүгін, 28 қазанда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттер» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Жолдауда елдің алдағы дамуының негізгі бағыттары, стратегиялық бағдарлары мен экономиканы нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және адами капиталды дамытуға бағытталған міндеттер айқындалды.
Мемлекеттік басымдықтарды іске асыруда денсаулық сақтау саласының маңызы ерекше. Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, заманауи медициналық инфрақұрылымды дамыту, озық технологияларды енгізу және кадрлық әлеуетті нығайту халық денсаулығын сақтаудың маңызды шарттары болып қала береді.
Мемлекет басшысының Жолдауы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың алдағы қызметінің бағыттарын айқындап, Қазақстанның тұрақты дамуы мен әрбір азаматтың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін күш-жігерді біріктіруге негіз болады.
Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған бағдарлар біздің Орталық үшін де онкологиялық көмекті жетілдіру, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізу және медициналық қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда маңызды бағдар болып табылады.