МЕНЮ

Ядролық медицина және онкология орталығының маманы Жапонияда кәсіби білімін жетілдіруде

19 қазан мен 11 желтоқсан аралығында Орталығымыздың сервистік қызметінің басшысы Бағлан Дәуменов Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) ұйымдастырған «Медициналық жабдықтарды басқару және техникалық қызмет көрсету» атты Халықаралық білім алмасу бағдарламасы аясында Жапонияда кәсіби білімін жетілдіруде.
Айта кетейік, биыл аталған бағдарламаға Қазақстан атынан жалғыз қатысушы ретінде Бағлан Дәуменов қатысуда. Бағдарлама медициналық жабдықтарды пайдалану, басқару және техникалық қызмет көрсетуге жауапты мамандардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруге бағытталған.
Оқыту бағдарламасы медициналық жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жоспарлы-профилактикалық техникалық қызмет көрсету салаларындағы жапон тәжірибесін зерделеуді, сондай-ақ осы бағыттағы мамандардың қатысуымен практикалық сабақтар өткізуді қамтиды. Бұдан бөлек, жұмыс үдерістерін ұйымдастырудың заманауи тәсілдеріне, үздіксіз жетілдірудің «Кайдзэн» жүйесіне және техникалық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруға арналған іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге ерекше назар аударылатын болады.
Бағдарламаға қатысу маманымыздың Жапонияның озық тәжірибесін зерделеуге, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуға және алған білімін Орталықтың күнделікті жұмысында қолдануға мүмкіндік береді.
Техникалық мамандардың кәсіби әлеуетін дамыту — медициналық жабдықтардың сенімді әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі. Ал бұл өз кезегінде медициналық көмектің сапасына тікелей әсер етеді.
Абай облысының Ядролық медицина және онкология орталығы кәсіби білім алу мүмкіндігін ұсынғаны және денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігіне (JICA) алғыс білдіреді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық