МЕНЮ

Ядролық медицина және онкология орталығында Ашық есік күні өтті

2026 жылғы 21 қарашада Ядролық медицина және онкология орталығының емханасында ұйқы безі обырының алдын алу және ерте анықтауға арналған Бірыңғай Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара аясында тұрғындар бейінді мамандардан кеңес алып, қажетті медициналық тексерулерден өтті. Жалпы 31 адам медициналық көмекке жүгінді.
Ашық есік күнінің қорытындысы бойынша: 31 пациент дәрігерлердің кеңесін алды, 25 ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді, 16 пациенттен басқа аурулар анықталды, 15 адам тексеру нәтижелері бойынша дені сау деп танылды.
Іс-шара халықтың онкологиялық аурулардың қауіп факторлары туралы хабардарлығын арттыруға, дәрігерге уақытылы қаралудың және профилактикалық тексерулерден жүйелі өтудің маңыздылығын түсіндіруге бағытталды.
Онкологиялық ауруларды ерте анықтау – уақытылы емдеудің және денсаулықты сақтаудың маңызды шарттарының бірі.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық