МЕНЮ

Алматыда Қазақстан онкологтары үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Алматы қаласында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты базасында Қазақстан Республикасы онкологтары үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Іс-шарада еліміздің барлық өңірінен келген бас онкологтар 2025 жылдың 8 айындағы жұмыс нәтижелерін қорытындылады.
          Ядролық медицина және онкология орталығының атынан директордың медициналық бөлім және медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Баян Бекетова баяндама жасады. Ол Абай облысында онкологиялық аурулармен күреске бағытталған Кешенді жоспар индикаторларының орындалу нәтижелерін ұсынды. Баяндамасында өңірдегі онкологиялық аурушаңдық көрсеткіштері, ерте диагностикалау нәтижелері, көзбен көріп анықтауға болатын қатерлі ісіктердің асқынған түрлерін азайту, онкологиялық өлім-жітімді төмендету және науқастардың 5 жылдық өмір сүру көрсеткішін арттыру мәселелері қамтылды.
          Сондай-ақ скринингтік бағдарламалардың іске асу нәтижелері, жарақаттылығы аз  технологиялардың емдеуде қолданылуы және жаңа диагностикалық әдістер мен заманауи емдеу тәсілдерінің енгізілу барысы да баяндалды. Баян Бекетова өңірдегі онкологиялық көмекті жетілдірудің өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарына да тоқталды.
          Ядролық медицина және онкология орталығы еліміздің онкологиялық қызметін дамытуға белсенді қатысып, обырды ерте анықтау мен тиімді емдеуге арналған инновациялық әдістерді енгізуге өз үлесін қоса береді.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3

E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық