Қазақстан Республикасында 2023–2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кешенді жоспарды іске асыру аясында бүгін Ядролық медицина және онкология орталығында «Ауыз қуысы мен жұтқыншақ ауруларына шалдыққан науқастардағы онкоқырарлық: қатерлі ісіктерді ерте анықтау мен диагностикалаудың маңыздылығы» тақырыбында оториноларингологтар мен стоматолог-дәрігерлерге арналған семинар-кеңес өтті. Іс-шараны Орталығық мамандары профессор Д.Р. Мусинов атындағы клиникалық онкология, радиология және ядролық медицина кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырды. Семинарға Семей қаласының және Абай облысы аудандарының алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының, сондай-ақ жеке және мемлекеттік медициналық мекемелерінің дәрігерлері қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – бастапқы буындағы мамандардың онкоқырағылығын арттыру, сондай-ақ ауыз қуысы мен жұтқыншақтың қатерлі ісіктеріне күдік туындаған жағдайда науқастарды ерте диагностикалау мен дұрыс жолдау сапасын жақсарту болды.
Сырқаттанушылықтың қазіргі көрсеткіштері мен негізгі эпидемиологиялық үрдістерге арналған баяндамамен медицина ғылымдарының кандидаты, Орталық директорының медициналық бөлім және медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Баян Бекетова сөз сөйледі. Ол сондай-ақ стоматологтар, оториноларингологтар және онкологтар арасындағы тығыз өзара іс-қимылдың және мультидисциплинарлық тәсілдің маңыздылығын атап өтті.
Радиациялық онкология бөлімінің радиолог-дәрігері Ерғанат Сабеков бас пен мойын ісіктерін ерте анықтаудың күрделілігі мен маңызын, сондай-ақ заманауи емдеу тәсілдерінің ерекшеліктерін көрсететін клиникалық жағдайларды ұсынды.
Семинар барысында диагностика алгоритмдері, науқастарды мамандандырылған зерттеулерге уақтылы жолдау қағидаттары, сондай-ақ бастапқы буын дәрігерлерінде онкоқырағылықты қалыптастырудың маңыздылығы талқыланды.
Мұндай кездесулер дәрігерлердің кәсіби дамуына және өңір халқы үшін онкологиялық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді. Ядролық медицина және онкология орталығы онкологиялық аурулармен күреске және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру мен ағартушылық бастамаларды жалғастыра береді.
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz
Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық
Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық
Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық