МЕНЮ

Абай облысында ядролық медицина орталығының мамандары көшпелі тексерулерді қайта бастады

Абай облыстық Ядролық медицина және онкология орталығының мобильді бригадасы өз жұмысын қайта жандандырды. Биылғы күзде мамандар облыс аудандарын аралап, тұрғындарға тегін медициналық кеңес беру мен тексеру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.
Бүгін онколог-мамандар тобы радиолог-дәрігер Наталья Юрьевна Карнаковованың жетекшілігімен Бородулиха ауданына барды. Көшпелі қабылдау барысында аудан тұрғындарына консультациялық көмек көрсетіліп, барлығы 35 науқас қаралды. Тексеру нәтижесінде 3 адамнан онкологиялық ауруларға дейінгі жағдайлар (предрак) анықталды.
Сонымен қатар, орталық мамандары аудандық орталық аурухананың басшылығымен және аудандық әкімдік өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында скринингтік бағдарламалардың жүзеге асырылу деңгейі сараланып, өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық