МЕНЮ

Кезекті Ашық есік күні өтті!

Бүгін Ядролық медицина және онкология орталығында кезекті Ашық есік күні өтті. Бұл жолғы шара сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардарлықты арттыруға арналған «Қызғылт қазан» айлығы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында келушілер онколог мамандардан кеңес алып, қажет болған жағдайда қосымша тексерулерден – ультрадыбыстық диагностика мен маммографиядан өтті.
Акцияға 82 адам қатысты. Қуанышқа орай, тексеру нәтижелері бойынша қатерлі ісік аурулары анықталған жоқ. Алайда 15 қатерлі ісікке дейінгі жағдай және 59 түрлі патологиялық өзгеріс тіркелді. Барлық қатысушыларға әрі қарайғы бақылау мен емдеуге қатысты жеке ұсынымдар берілді.
Мұндай іс-шаралар профилактиканың маңыздылығын және дер кезінде дәрігерге жүгінудің қажеттілігін айқын көрсетеді. Ауруларды ерте анықтау – денсаулық пен өмірді сақтап қалудың ең тиімді жолдарының бірі.
Біз шараны тұрақты қолдап келе жатқан серіктесіміз — AVON Central Asia компаниясына ерекше алғыс білдіреміз. Биыл да AVON дәстүрлі түрде қатысушыларға ақпараттық материалдар мен есте қаларлық сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, «Паллиативная помощь: забота без границ» атты X Республикалық конференциясы аясында AVON компаниясы «Бірге – қатерлі ісікке қарсы» қоғамдық қорымен бірлесіп, біздің Орталыққа GEOTEC компаниясының заманауи биопсия жабдығының жиынтығын табыстады. Мұндай жиынтықтар еліміздің тағы 9 онкоорталығына берілді. AVON компаниясының атап өтуінше, 2025 жылы олар ел бойынша тегін скринингтер ұйымдастыру секілді маңызды жобаларға 10 миллион теңгеден астам қаражат бөлген. Бұл жобалардан түскен қаражат онкологиялық аурумен бетпе-бет келген әйелдерге көмек көрсетуге бағытталады.
Ядролық медицина және онкология орталығы атынан AVON компаниясына шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Біз бірлесе отырып, профилактикаға деген көзқарасты өзгертіп, диагностиканы қолжетімді, ал көмекті — уақтылы әрі тиімді ете алатынымызға сенеміз.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық