МЕНЮ

Ядролық медицина және онкология орталығының мамандары ядролық медицинадағы тераностика бойынша шетелдік оқу курсынан өтті

Қазақстан Республикасында 2023–2027 жылдарға арналған онкологиялық ауруларға қарсы іс-қимыл жөніндегі Кешенді жоспарға сәйкес және Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының медициналық мамандарды шетелде оқыту бағдарламасы аясында 2025 жылғы 15 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Ядролық медицина және онкология орталығының радионуклидтік терапия бөлімінің дәрігері Гүлжан Нәбиева мен радионуклидтік диагностика бөлімінің дәрігері Дана Сейтханова Ресей Федерациясының Обнинск қаласындағы А.Ф. Цыба атындағы Медициналық радиология ғылыми орталығы базасында оқу курсынан өтті.
Оқу бағдарламасы кәсіби білімді тереңдетуге, біліктілікті арттыруға және тераностика мен радионуклидтік терапия саласындағы озық технологияларды меңгеруге бағытталды. Дайындық барысында ерекше назар простата безінің метастатикалық обырын емдеудің заманауи әдісі болып табылатын Лютеций-177 PSMA қолдануға аударылды.
Оқу бағдарламасы аясында қазақстандық мамандар қатерлі ісіктер кезінде радиофармацевтикалық препараттарды клиникалық қолдану тәжірибесімен танысып, науқастарды қабылдауға қатысты, терапияға көрсетілімдер мен қарсы көрсеткіштерді анықтау әдістемесін меңгеріп, ресейлік әріптестерімен бірлесіп клиникалық жағдайларды талдады.
Бүгінде Лютеций-177 PSMA қолдану онкологиялық ауруларды емдеудегі ең тиімді әдістердің бірі болып табылады және жетекші медициналық орталықтарда кеңінен қолданылады. Алынған білім мен практикалық тәжірибе бұл технологияны Қазақстан Республикасында дамытуға, жоғары технологиялық көмектің қолжетімді спектрін кеңейтуге және онкологиялық диагнозы бар науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін болады. Мұндай білім беру бастамалары өңірдің онкологиялық қызметін дамытуға және отандық ядролық медицинаның әлеуетін нығайтуға септігін тигізеді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық