МЕНЮ

Мобильді бригада Ақсұат ауданында

Ядролық медицина және онкология орталығының онколог-дәрігерлерден құралған мобильді бригадасы Абай облысының аудандарында белсенді түрде іссапармен жұмысын жалғастыруда. Бұл жолы Орталық мамандары Ақсуат ауданында жұмыс атқарды.
Аталған шаралардың негізгі мақсаты — шалғай ауылдық елді мекендерде тұратын тұрғындарға онкологиялық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру, қатерлі ісік ауруларының кеш анықталу жағдайларын азайту, онкопатологияларды ерте кезеңде анықтау. Ақсұат ауданында ерекше назар өлім көрсеткіштерін және онкологиялық аурулардың таралу деңгейін төмендетуге аударылды.
Осы жолы Орталықтың директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Саят Танатаров басқарған мобильді бригаданы емхананың меңгерушісі Жаннұр Алтыбаева, радиациялық онкология бөлімінің дәрігер-радиологы Светлана Удерина, маммология және гинекология бөлімінің онкогинеколог-дәрігері, маммолог Маржан Жақұпаева, сондай-ақ сәулелік диагностика бөлімінің онколог-дәрігері Дәулет Оспанов құрады.
Сапар барысында Орталық мамандары Ақсұат ауданының тұрғындарына кеңес беріп, кешенді скринингтік тексерулер жүргізді. Сонымен қатар халыққа профилактикалық тексерулердің маңыздылығы мен қауіпті белгілер байқалған жағдайда дәрігерге ерте жүгінудің қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бөлек, Ақсұат аудандық орталық ауруханасының ұжымымен кездесу өтіп, өңірдегі онкологиялық аурулардың сырқаттанушылық көрсеткіштері мен Қазақстан Республикасында 2023–2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспардың негізгі көрсеткіштері талқыланды.
Ядролық медицина және онкология орталығы халықтың онкоқырағылығын арттыруға және Абай облысы тұрғындарына медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған көшпелі іс-шаралар бағдарламасын одан әрі жүзеге асыратын болады.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық