МЕНЮ

Ғылыми-клиникалық кеңестің кеңейтілген отырысы

Бүгін Орталығымызда ЯМжОО директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Саят Танатаровтың төрағалығымен Ғылыми-клиникалық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыстың басты тақырыбы — Орталықтың ғылыми және клиникалық қызметін дамыту, зерттеу әлеуетін нығайту және заманауи технологияларды ядролық медицина тәжірибесіне енгізу мәселелері болды.
Отырыста Орталық қызметкерлерінің рецензияланатын басылымдарда жариялауға жоспарланған ғылыми мақалалары қаралып, бекітілді. Ұсынылған ғылыми жұмыстар Орталықтың ғылыми бағыттарының кең ауқымын қамтиды және оның ғылыми қауымдастықтағы беделін арттыруға ықпал етеді.
Сондай-ақ ерекше назар «Радиойодтерапия жүргізу кезінде дозалық жүктемелерді оңтайландыру: радионуклидтің рұқсат етілген белсенділігінің шекті деңгейін төмендету» атты бастамашылық жобаға аударылды. Жобаның мақсаты — пациенттерді емдеу қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ радионуклидтік терапия әдістемелерін жетілдіру.
Отырыстың маңызды бөлігі шетелде оқудан және біліктілікті арттырудан өткен қызметкерлердің есептерін қарау болды. Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар ғылыми зерттеулерді дамыту мен мамандардың үздіксіз кәсіби жетілуі инновациялық технологияларды клиникалық тәжірибеге табысты енгізудің негізі, сондай-ақ пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырудың маңызды шарты екенін атап өтті.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық