МЕНЮ

Білгенге абзал!

Өкпенің қатерлі ісігі – қатерлі ісіктердің тұтас тобының жалпы атауы. Бұл ісіктер бронхты немесе өкпені көмкеріп тұратын жасушалардан пайда болады. Қатерлі ісіктің бұл түрі екі ерекше белгіге ие: өте жылдам дамиды және тез жайылады.
Өкпенің қатерлі ісігі – қатерлі ісіктердің анағұрлым жиі анықталатын түрлерінің бірі. Әлемдегі әрбір 100 мың адамға осы диагнозбен 40 пациент келеді. Өлім көрсеткіші бойынша өкпе қатерлі ісігі бірінші орында – қуық асты безі, сүт безі және тоқ ішек қатерлі ісігі жиынтығына қарағанда осы өкпе қатерлі ісігінен көп пациент көз жұмады.
Жыл сайын әлемде миллионнан астам адам өкпенің қатерлі ісігіне шалдығады, оның өзінде олардың жартысынан көбі дамыған елдердің тұрғындары. Осы дерттен зардап шегетін адамдардың жасы әдетте 60 жастан асады, дегенмен 45-50 жастағы пациенттер, тіпті одан да жастары кездеседі.
Пациенттердің 70% -дан астамында ауру соңғы сатыларында (III–IV) анықталады. Бұл жағдайда диагноз қойылғаннан кейінгі бірінші жылда пациенттердің жартысы ғана өмір сүреді.
Ауруы бірінші сатыда анықталған пациенттердің өмір сүру деңгейі анағұрлым жоғары (75-90%). Өкпе қатерлі ісігімен сырқаттану қаупінің факторлары
Қатерлі ісіктің осы түрінің пайда болу қаупін арттыратын негізгі фактор - канцерогенді заттармен тыныс алу. Өкпенің қатерлі ісігінің көпшілігі темекі шегумен тікелей байланысты - оның түтінінде көптеген канцерогендер бар. Темекі шегу мерзімі неғұрлым ұзақ болса және күніне неғұрлым көп темекі шегетін болса, қауіп те соғұрлым жоғары болады.
Темекі шегу өкпе қатерлі ісігінің негізгі себебі деп танылғанымен, бұл жалғыз себеп емес. Басқа факторлардың қатарында ауаның ластану деңгейін де атап өткен жөн – мысалы, тау-кен өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібі дамыған өнеркәсіптік аймақтарда адамдар ауылдық жерлерде тұратындарға қарағанда 3-4 есе жиі ауырады.
Сонымен қатар қауіп факторларына мыналарды жатқызуға болады:
Кейбір улы заттармен жиі байланыс (асбест, хлорметилді эфир, никель, хром, кадмий, радон және т.б.); радиацияның әсері (кеуде жасушалары тұсында орналасқан басқа да ісіктерді емдеу барысында бұрындары жүргізілген сәулелі емдеу); бұрыннан келе жатқан өкпе аурулары – өкпенің созылмалы обструктивті ауруы , туберкулез, өкпе фиброзы, бронхоэктатикалық ауру, пневмония, бронхиттер; тұқым қуалауға бейімділік (генетикалық факторлар); кейбір вирусты жұқпалар (инфекциялар) – ВИЧ, ВПЧ, цитомегаловирус, маймыл вирусы 40, ВК және JC вирустары.
кеуде жасушаның жарақаты.
Аурудың даму қаупі әрқашан жас ерекшелігіне қатысты артып отырады.
МАҢЫЗДЫ! Статистикаға сүйенсек, темекі шегетін әйелдер арасында өкпе қатерлі ісігімен ауыратындардың пайызы темекі шегетін ер адамдарға қарағанда жоғары. Сөйте тұра, жалпы алғанда, ер адамдар әйелдерге қарағанда 7-10 есе жиі ауырады, өйткені олардың арасында темекі шегетіндер де, зиянды өндірісте жұмыс істейтіндер де көп.
 
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық