МЕНЮ

Ашық есік күніне шақырамыз!

Құрметті өңір тұрғындары! 22 қараша күні Қазақстанда 3 – 28 қараша аралығында өтіп жатқан өкпенің қатерлі ісігі туралы хабардарлықты арттыру айлығы аясында, біздің Орталықта Бірыңғай ашық есік күні өтеді.
Осы күні өз қалауы бойынша кез келген адам алдын ала жазылусыз және ешбір жолдамасыз біздің дәрігер -онкологтарымыздан тегін кеңес алуына болады. Мамандар қауіп факторларын, аурудың бастапқы белгілерін, емделудің заманауи тәсілдерін және ауруды ерте анықтаудың маңыздылығын айтып береді.
Көрсетім болған жағдайда сізге рентген және УДЗ жасай отырып, скринингтік тексеру жүргізеді.
«Ашық есік күні» біздің Орталықтың емхнасында сағат 9.00 -ден 12.00 дейін өтеді.
Біз өңірдің барлық тұрғындарын өз денсаулығына уақыт бөлуге және ауруды ерте анықтау мүмкіндіктері туралы көбірек білуге шақырамыз.
Есіңізде болсын: өкпенің қатерлі ісігі бастапқы сатысында анықталса, емдеуге әлдеқайда жақсы көнеді және ауыр салдарлар қаупін төмендетеді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық