МЕНЮ

Орны толмас қаза

Бүгін таңғы жиналыс барысында Ядролық медицина және онкология орталығының ұжымы тұрғын үйдің қасбетінің құлауы салдарынан қаза тапқан жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанды еске алды. Медициналық қызметкерлер оның жақындары үшін ғана емес, бүкіл елдің медицина қауымдастығы үшін орны толмас қаза болғанын атап, бір минут үнсіздік жариялады.
          Қайғылы оқиға қараша айының ортасында орын алды. Астана қаласындағы тұрғын үйдің қаптамасы құлап, адам шығынына әкелді. Ұлдана Мырзуан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен еді. Нағыз батылдық пен кәсіби жанқиярлық танытып, ол үйінділер астында қалған адамдарға жетуге тырысты, алайда құтқару жұмыстары кезінде оның үстіне қасбеттің бір бөлігі мен кондиционер қондырғысы құлап түсті.
          Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, алған жарақаттары өмірімен сәйкес келмеді. 18 қараша күні Ұлдана есін жимастан көз жұмды. Қазақстан Президенті Ұлдана Мырзуанды ерлігі, жанқиярлығы және кәсіби борышына адалдығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.
          Ядролық медицина және онкология орталығының ұжымы Ұлдана Мырзуанның барлық туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық