Құрметті облыс тұрғындары! Осы сенбі, яғни, 13 желтоқсанда асқазан, ұйқы безі және бауыр обыры туралы хабардарлықты арттыру айлығы аясында біздің Орталығымызда осы локализациялардағы қатерлі ісіктердің алдын алу және ерте анықтау мәселелеріне арналған кезекті «Ашық есік күні» өтеді.
Іс-шара барысында кез келген адам біздің Орталықтың онкологтарынан алдын ала жазылмай ақ, дәрігерлердің жолдамасынсыз консультация ала алады. Қажет болған жағдайда, заманауи диагностикалық әдістерді, соның ішінде ФГДС (фиброгастродуоденоскопия), іш қуысы органдарының ультрадыбысты тексеруін, сондай-ақ онкомаркерлерге (АФП (альфа-фетопротеин), РЭА (Эмбрионалды обырлы антиген) және СА 19-9 (көмірсутек антигені)) зертханалық диагностиканы қолдана отырып, скринингтік тексеру жүргізілетін болады. Сондықтан, «Ашық есік күніне» келушілердің барлығы консультация алуға және тексерілуге міндетті түрде аш қарынға келуі керек.
«Ашық есік күні» біздің Орталығымыздың емханасында сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі. Өз денсаулығыңызға уақыт бөлуге шақырамыз.
Құрметті достар, біз асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары бар барлық адамдарға «Ашық есік күніне» келуді ұсынамыз. Оларға созылмалы гастриті, асқазан полиптері бар адамдар, сондай-ақ созылмалы панкреатиті немесе бауыр обырының дамуындағы дәлелденген қауіп факторлары болып табылатын В және С вирусты гепатиттері бар пациенттер жатады. Назар аударуды талап ететін алаңдатарлық симптомдарды сезінетіндер жеке қауіп тобын құрайды: іштің жоғарғы бөлігіндегі тұрақты немесе мезгіл-мезгіл ауырсынулар, жиі бұзылулар (қыжыл, ауырлық, жүрек айнуы, құсу), түсініксіз салмақ жоғалту немесе тәбеттің төмендеуі, сондай-ақ жалпы әлсіздік жатады. Қауіптерді ескере отырып, біз сондай-ақ барлық 45-50 жастан асқан адамдарды, әсіресе темекі шегу және алкогольді тұтыну сияқты зиянды әдеттері барларды шақырамыз. Естеріңізде болсын: ауруды ерте анықтау — ұзақ өмір сүру мен аман саулықтың маңызды қадамы!