МЕНЮ

Кезекті Ашық есік күні өтті!

Өткен сенбіде Ядролық медицина және онкология орталығында кезекті Ашық есік күні өтті. Бұл жолы іс-шара асқазан, ұйқы безі және бауыр обыры туралы хабардарлық айлығына орай ұйымдастырылды. Іс-шара аясында келушілер онколог дәрігерлерден кеңес алып, қажет болған жағдайда қосымша тексерулерден өтті: УДЗ, ФГДС, зертханалық талдаулар.
Қуаныштысы, тексеру нәтижелері бойынша онкологиялық аурулар анықталған жоқ. Алайда бірқатар басқа да патологиялар, сондай-ақ 3 обыр алды жағдай тіркелді. Барлық қатысушыларға әрі қарай бақылау мен емдеуге қатысты жеке ұсынымдар берілді.
Мұндай іс-шаралар профилактиканың және медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығын айқын көрсетеді. Ауруларды ерте диагностикалау — денсаулық пен өмірді сақтаудың ең тиімді жолдарының бірі.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық