МЕНЮ

Ядролық медицина және онкология орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аталып өтті

Ядролық медицина және онкология орталығында еліміз үшін айрықша мәні бар, ең қастерлі де символдық мерекелердің бірі — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті.
Іс-шараны ашқан Орталық директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Саят Танатаров ұжымды және бүкіл казақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бұл мерекенің мемлекет тарихындағы және әрбір азаматтың тағдырындағы ерекше орнын атап өтті. Ол өз сөзінде Тәуелсіздік еліміздің тұрақты дамуының, әлеуметтік саланың және денсаулық сақтау жүйесінің нығаюының берік негізі екенін ерекше атап көрсетті.
Саят Замамбекұлы Ядролық медицина және онкология орталығы қызметкерлерінің мойнында үлкен жауапкершілік жатқанын — азаматтардың денсаулығын сақтау мен нығайту, заманауи медициналық технологияларды енгізу, пациенттерге сапалы, қолжетімді және уақтылы медициналық көмек көрсету міндеті бар екенін баса айтты. Сонымен қатар, ол ұжымға кәсіби біліктілігі, жанқиярлық еңбегі және таңдаған мамандығына адалдығы үшін шынайы ризашылығын білдірді.
Іс-шара аясында салтанатты марапаттау рәсімі де өтті. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін оңалту және паллиативтік терапия бөлімшесінің меңгерушісі Рахымжанов Ғабиден Пазылжанұлына Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық кеңесінің шешімімен «Еңбек үздігі» құрметті атағы беріліп, аттас «Еңбек үздігі» медалі табысталды. Құрметті марапатты салтанатты түрде Орталық директоры Саят Танатаров табыстап, Ғабиден Пазылжанұлының жоғары кәсібилігін, мамандығына деген адалдығын және медициналық көмекті дамыту мен пациенттерді қолдауға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Ядролық медицина және онкология орталығының ұжымы әріптесін лайықты марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, мұндай жетістіктердің ел азаматтарының денсаулығы мен әл-ауқаты жолындағы жаңа кәсіби табыстарға шабыт беретін жарқын үлгі екеніне сенім білдіреді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық