Бүгін, Жаңа жыл қарсаңында, Ядролық медицина және онкология орталығына Абай облысы депутаттық корпусының өкілдері келді. Қазақстан Республикасы Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Орталық ұжымымен өткен кездесуде Семей қалалық мәслихаты төрағасының атынан радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды өндіру және қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Сарсекеев Әсет Шакерұлына алғыс хат табыс етілді.
Алғыс хатты Орталық ұжымының қатысуымен Ерлан Айтмұхаметұлы Кеңесбаев — Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Абай облысындағы Қазақстан Халық партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, сондай-ақ Күзбаев Данияр Жұмағалиұлы — Абай облыстық мәслихатының депутаты табыс етті.
Ұжым алдында сөз сөйлеген Ерлан Айтмұхаметұлы жұмысшы мамандықтар жылының маңыздылығына ерекше тоқталып, жоғары білікті мамандардың еңбегі, елдің тұрақты дамуы мен әлеуметтік саласының берік негізі екенін атап өтті:
«Еліміздің Президенті ағымдағы жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады, ал бүгін, жыл аяқталар тұста, біз қорытынды жасап, өз ісінің үздіктерін айрықша құрметпен атап өтудеміз. Әсет Шакерұлы сынды мамандардың еңбегі — жауапкершілік, кәсібилік және адамдарға қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі. Біз ынтымақтастығымызға шын жүректен қуаныштымыз, алдағы уақытта табыс, жаңа жетістіктер, ал барлық пациенттерге — тезірек сауығып кетулерін тілейміз».
Сондай-ақ, құттықтау сөзбен Ядролық медицина және онкология орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Саят Таңатаров сөз сөйледі. Ол депутаттық корпус пен қоғамдық өкілдерге Орталықтың жұмысына көңіл бөліп, қызметкерлер еңбегіне берген жоғары бағасы үшін алғыс білдірді. Өз сөзінде Саят Замамбекұлы Орталықтың жоғары білікті мамандарымен мақтанатынын, солардың бірі Әсет Сарсекеев екенін атап өтті:
«Біздің Орталық өзінің біліктілігі жоғары мамандарымен орынды түрде мақтана алады, солардың бірі — Әсет Шакерұлы — өз ісінің нағыз маманы. Радиофармацевтикалық препараттарды өндіру — пациенттерді диагностикалау мен емдеудің сапасына тікелей әсер ететін аса маңызды, әрі жауапты сала. Ол мінсіз тәртіпті, терең білімді және жоғары жеке жауапкершілікті талап етеді. Оның еңбегі — бүкіл Орталықтың үздіксіз әрі сапалы қызметінің кепілі. Біз алдағы уақытта да ядролық медицинаны және онкологиялық көмекті дамыту арқылы өңір тұрғындарының игілігі үшін жоғары кәсіби деңгейде жұмысымызды жалғастырамыз», — деп атап өтті Орталық директоры, барлық қатысушыларға табыс, денсаулық және жаңа кәсіби жетістіктер тіледі.
Өткен іс-шара денсаулық сақтау сияқты ғылымды қажет ететін әрі әлеуметтік маңызы зор салаларда жұмысшы мамандықтарды қолдау мен мойындаудың маңыздылығын айқын көрсетті. Ядролық медицина және онкология орталығының ұжымы Семей қаласы мен Абай облысының депутаттық корпусына еңбектеріне көрсетілген құрмет пен халық денсаулығын сақтау жолындағы мамандар үлесіне берілген жоғары баға үшін шынайы алғысын білдірді.
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz
Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық
Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық
Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық