МЕНЮ

Жатыр мойны обырының алдын алу онкүндігі аясында Ядролық медицина және онкология орталығында Ашық есік күні өтті

Жатыр мойны обырының алдын алу жөніндегі республикалық онкүндік аясында Қазақстанның барлық онкологиялық орталықтарында Ашық есік күндері ұйымдастырылды. Аталған шараға Ядролық медицина және онкология орталығы да белсенді түрде қатысты.
Бұл күні орталыққа шамамен 40 адам жүгінді. Келушілер алдын ала жазылусыз және дәрігердің жолдамасынсыз онкогинекологтың тегін кеңесін алу мүмкіндігіне ие болды. Қажет болған жағдайда пациенттерге қосымша тексерулер жүргізілді, оның ішінде ультрадыбыстық зерттеу мен зертханалық талдаулар да бар.
Тексеру нәтижесінде онкологиялық аурулар анықталған жоқ. Алайда 23 адамда әртүрлі онкологиялық емес аурулар анықталып, оларды әрі қарай бақылау мен ем алу үшін тиісті ұсыныстар берілді.
Мұндай алдын алу шаралары скринингтік тексерулердің маңыздылығын айқын көрсетеді. Қазақстанда онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға бағытталған мемлекеттік скринингтік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Жатыр мойны обырына қарсы скринингтен 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер ұлттық клиникалық хаттамаларға сәйкес белгілі бір мерзімдерде өтуі тиіс.
Скринингтік тексерулерден тұрақты түрде өту ауруларды ерте анықтауға, емнің тиімділігін арттыруға және өмір сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Ядролық медицина және онкология орталығы азаматтарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі аясында ұсынылатын профилактикалық бағдарламаларға белсенді қатысуға шақырады.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық