МЕНЮ

✅Кезекті Ашық есік күні өтті

Құрметті достар! Бүгін, 14 ақпанда, біздің Орталығымызда Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай Ашық есік күні өтті. Бұл күні біз жүгінген барлық пациенттерге кеңес бердік — барлығы 77 адам. Қажет болған жағдайда мамандарымыз онкологиялық ауруларды ерте анықтауға бағытталған кешенді қосымша тексерулер жүргізді.
Скрининг аясында 12 адам зертханалық тексеруден, 8 адам эндоскопиялық тексеруден, 4 адам кеуде қуысы ағзаларының рентгенологиялық тексеруінен, 9 адам маммографиядан өтті. Ашық есік күні барысында барлығы 140 ультрадыбыстық (УДЗ) тексеру жүргізілді.
Нәтижесінде 5 жағдайда қатерлі ісік (оның ішінде күдік) және 1 обырға дейінгі жағдай анықталды, 66 адамда басқа дерттер табылды. Онкологиялық ауруы анықталған немесе күдік туындаған барлық пациенттер мамандарымыздың динамикалық бақылауына алынады. Әрқайсысы үшін клиникалық көрсеткіштерге сәйкес әрі қарайғы тексеру мен емдеу тактикасы айқындалады. Басқа патологиялар анықталған пациенттерге қажетті ұсыныстар беріліп, алдағы іс-қимылдары түсіндірілді, қажет болған жағдайда қосымша консультациялар мен тексерулер тағайындалды.
Біз тұрақты скринингтер мен профилактикалық тексерулер ауруды ерте кезеңде анықтаудың және дер кезінде емдеуді бастаудың нақты мүмкіндігі екеніне сенімдіміз. Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, Ашық есік күніне қатысқан барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық