МЕНЮ

Бірге қатерлі ісікке қарсы: студенттермен кездесу

Осы күндері Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні аясында Ядролық медицина және онкология орталығының радиациялық онкология бөлімшесінің сәулелік терапевт дәрігері Айгерім Мұқатова Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің студенттеріне көшпелі дәріс өткізді. Кездесу жастардың онкологиялық аурулар мәселесі туралы хабардарлығын арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Дәріс барысында Айгерім Мұқатова онкологиялық аурулардың табиғаты туралы кеңінен айтып, қауіп факторларына тоқталды және дер кезінде анықталған қатерлі ісіктің көптеген түрлері сәтті емделетінін атап өтті. Сондай-ақ профилактиканың маңыздылығы, тұрақты медициналық тексерулерден өту және ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін скринингтік бағдарламалардың рөлі ерекше айтылды. Ерте диагностика сауығу мүмкіндігін айтарлықтай арттыратыны баса назарға алынды.
Спикер салауатты өмір салтының онкологиялық аурулардың даму қаупін төмендетудегі маңызын да атап өтті. Кездесу барысында дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану және зиянды әдеттерден бас тарту – денсаулықты ұзақ жылдарға сақтаудың маңызды кепілі екені айтылды.
Мұндай көшпелі дәрістер Ядролық медицина және онкология орталығының жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады. Орталықта заманауи емдеу әдістері мен жоғары технологиялық медициналық көмекті дамытуға ғана емес, сонымен қатар халық арасында профилактика мен ерте диагностикалау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ағартушылық жұмыстарға да ерекше көңіл бөлінеді. Біз ақпараттандыру мен мамандарға дер кезінде жүгіну онкологиялық аурулардың ауыртпалығын азайтып, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық