МЕНЮ

Ел болашағы туралы ашық диалог: Ядролық медицина және онкология орталығында алдағы референдум талқыланды

Ядролық медицина және онкология орталығының базасында ұжымның «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалициясының өңірлік өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу алдағы республикалық референдумд және Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін талқылауға арналды. Іс-шара ашық әрі мазмұнды диалог форматында өтті.
Кездесуді ашқан Абай облыстық мәслихатының депутаты, Орталық директоры Саят Танатаров ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер саяси жүйені одан әрі демократияландыруға, заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге және мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағытын күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Атап айтқандай, жаңартылған Негізгі заң денсаулық сақтау саласын қоса алғанда, стратегиялық маңызды бағыттардың тұрақты дамуының берік құқықтық негізі болмақ.
Абай облыстық мәслихатының депутаты, «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – ректоры Алтай Дюсупов Конституция жобасында көзделген жаңашылдықтарға кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, ол Парламент пен өкілді органдардың рөлін күшейту, билік тармақтары арасындағы жекелеген өкілеттіктерді қайта бөлу, қоғамдық бақылау тетіктерін кеңейту және жергілікті өзін-өзі басқару мәртебесін нығайту мәселелерін атап өтті. Сондай-ақ қолжетімді әрі сапалы білімге кепілдік беру, ғылымды қолдау, цифрлық технологиялар мен инновацияларды дамыту жөніндегі нормаларға ерекше назар аударылды. Атап айтқандай, бұл бастамалар денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, озық медициналық технологияларды енгізуге және жоғары білікті медициналық кадрларды даярлауға қосымша мүмкіндіктер береді.
Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Абай облысындағы ҚХП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Кеңесбаев конституциялық реформаларды қолдау мақсатында құрылған кең ауқымды қоғамдық-саяси коалиция туралы баяндады. Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер қоғамның әділдікке, мемлекеттік басқарудың ашықтығына және биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға деген сұранысын айқын көрсетеді.
Кездесу барысында Орталық қызметкерлері реформаларды іс жүзінде іске асыру, жаңашылдықтардың әлеуметтік салаға әсері және өңірлік денсаулық сақтаудың даму перспективаларына қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Коалиция өкілдері жан-жақты түсіндірме беріп, ел үшін маңызды шешімдер қабылдау үдерісінде азаматтық белсенділіктің маңыздылығын атап өтті.
Ядролық медицина және онкология орталығының ұжымы жаңа Конституция жобасын кәсіби ортада талқылау ел болашағына жауапкершілікпен қарауға, қоғамдық келісімді нығайтуға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық