МЕНЮ

8 наурыз құрметіне Ядролық медицина және онкология орталығында салтанатты іс-шара өтті

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ядролық медицина және онкология орталығында көктем мен сұлулықтың мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күні Орталықтың нәзік жанды қызметкерлеріне олардың кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және науқастардың денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған күнделікті тынымсыз, аса жауапты еңбегі үшін шынайы алғыс сөздер айтылды.
Іс-шараны ашқан Орталық директоры Саят Танатаров ұжымның әйелдер қауымын келе жатқан мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол денсаулық сақтау жүйесіндегі әйелдер еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, олардың кәсіби шеберліктеріне, батылдығы және науқастарға деген қамқорлығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар әйелдердің медицина саласының, қоғамның және тұтастай алғанда Қазақстанның дамуына қосып отырған үлесінің зор екенін айтып, ортақ іске қосқан үлестері үшін шынайы ризашылығын білдірді. Орталық басшысы ұжымның барлық әйел затына мықты денсаулық, амандық пен көктемгі көңіл-күй тілеп, кәсіби қызметте де, жеке өмірде де сәттілік пен жетістіктер тіледі.
Әріптестерін мерекемен дәрігер-сарапшы Мұхтарғазы Төлеутаев және оңалту және паллиативтік терапия бөлімшесінің меңгерушісі Ғабиден Рахымжанов та құттықтады. Өз сөздерінде олар әйелдер тек білікті мамандар ғана емес, сонымен қатар мейірім мен жан жылуының, қолдау мен қамқорлықтың қайнар көзі екенін атап өтті. Медициналық қызметте аса маңызды саналатын төзімділік, жанашырлық және адал еңбек үшін алғыс сөздер айтылды.
Бұл мерекелік кездесу әйелдердің еңбегіне деген құрмет пен ризашылықтың белгісіне айналды. Өз кәсібилігімен, қамқорлығы, ықыласымен медициналық қызметтің дамуына зор үлес қосып жүрген барша әйел заты әрдайым алғыс пен құрметке лайық. Көктемнің шуақты күнінде іс-шара қатысушылары ұжымның барлық аруларына бақыт, үйлесім, отбасылық береке және жаңа жетістіктер тілеп, әр күн қуаныш пен шабытқа, болашаққа деген сенімге толы болсын деген ізгі тілектерін жеткізді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық