МЕНЮ

Біздің әріптестердің жетістіктері!

Бүгін Ғылыми-клиникалық кеңесінің отырысында Орталықта «Техникалық физика» білім бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін Идинов Медет Төлеуғалиұлына беру ерекше атап өтілді. Медет Төлеуғалиұлы «CuBi/CuBi₂O₄ негізіндегі модификацияланған композиттік пленкаларды қорғаныш экранирлеуші материалдар ретінде қолдану» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын сәтті қорғады.
Медет Төлеуғалиұлы – 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Физика» мамандығы бойынша бакалавриатын бітірген, 2019 жылы дәл сол университетте техникалық физика мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. 2020 жылы докторантураға қабылданып, толық оқу бағдарламасын 2023 жылы табысты аяқтады.
Диссертациялық зерттеулер аясында 6 ғылыми жұмыс жарияланып, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұсынысы бойынша рецензияланатын басылымдарда және Scopus пен Web of Science мәліметтер базасында индекстелетін журналдарда мақалалары жарық көрді. Оның еңбегі авторлық құқықпен қорғалатын объектілердің мемлекеттік реестріне енгізілген сертификатқа ие болды.
Отырыста диплом салтанатты түрде тапсырылып, Ғылыми-клиникалық кеңестің өкілдері Медет Төлеуғалиұлыны осы маңызды жетістігімен құттықтап, оның Орталықтың және отандық ғылымның ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық